Қазақстанның белгілі киноактері Нұржұман Ықтымбаев режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдерін сынға алды. Кино майталманы бұл туралы "Ақ желкен" журналына берген сұхбатында айтты.
Қазақстанның белгілі киноактері Нұржұман Ықтымбаев режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмдерін сынға алды. Кино майталманы бұл туралы "Ақ желкен" журналына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, "Келін" жайында "Оскар" әпсанасын шығарып жүрген біздің журналистер". "Оскардан" садаға кетсін "Келін". Оскар сыйлығы ойыншық деп кім айтты? "Келін" жайында "Оскар" әпсанасын шығарып жүрген біздің журналистер. Мұндай фильмдерді "Оскар" босағасынан сығалатпайды. "Келіні" де, "Шалы" да қазақты қорлайтын фильмдер. Голливудтықтар көк ми емес. Ермектің киносына түспек түгілі, "Сен қазақ емессің, қазақтан өшін ала алмай жүрген жаусың!" деп бетіне айтқам", - деді актер.
Ықтымбаевтың айтуынша, Ермек Тұрсынов қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан мінезін, болмысын кері айналдырып береді. Актер осылайша, фильмдердегі өзі тапқан қателіктерді санамалайды. "Мысалы, "Шалда" шал адасып кетеді. Туған ауылында адасқан қай қазақты көрдің? Жылқының табиғатын білмейді. Тізгінді бос ұстап, атты жіберіп қойсаң, ол үйін өзі-ақ тауып келеді. Құртымтай баланың атын Шайтанбек деп қояды. Қай қазақ немересін Шайтанбек дейді? Сайда құлап жатқан атасын немересі аттың үстіне қалай мінгізді? Ағаш шана тауып, соның үстіне жатқызып әкелсе сенуге болар еді. Оның бар ойы - шетелге апарып қазақты мазақ ету. Жанна Исабаева деген де солай, режиссер емес", - деді киноактер.
Сонымен қатар, белгілі актер Тимур Бекмәмбетовтың фильмдеріне де сын айтты. "Тимур Бекмамбетовтің кейінгі жұмыстарын көріп, көңілім қалды", - дейді ол. - Мен онымен "Дневной дозорда" бірге жұмыс істеген адаммын. "С легким паром" мен "Особо опасенді" көріп, қолымды бір-ақ сілтедім. Екеуінің де кино сиқы жоқ. Қазір Бекмамбетов режиссер ретінде таусылған. Басқаларды жалдап, өзі продюсер болып отыр".
Ықтымбаев режиссерлерді екіге бөліп қарау керек екенін айтады. Оның пікірінше, бірінші топ құдайдан режиссер болып жаратылғандар да, ал екіншісі "технарь" режиссерлер. Сонымен, Ықтымбаевтың талдауынша, бірінші топқа Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Геннадий Базаровтарды жатқызуға болады, ал Тимур Бекмәмбетов екінші тобында.