26 ақпан 2014 | 18:18

Тұрсыновтың "Кемпір" кинокартинасы Наурызда көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Ермек Тұрсынов.©Нұрғиса Елеубеков Режиссер Ермек Тұрсынов.©Нұрғиса Елеубеков

Танымал қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсынов өзінің "Кемпір" атты жаңа картинасының жұмысын тәмамдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өзі хабарлады. Фильмінің сюжетін автор құпияда ұстауды қалады. Ол тек картинада есті де ізгі әзіл болатынын айтты. "Мейлі ол шиеленісті болсын, мейлі бәрі келіп күле берсін. Бұл халықтық комедия, әзілдің табиғаты "Любовь и голуби" фильміне ұқсас, бірақ бәрі қазақы түсірілген. Мұндағы әзіл жасты да, қартты да еріксіз күлдіреді. (...) Бұл орынсыз керілу, дөрекілік, әдепсіздік жоқ, ізгі комедия болады",- дейді Тұрсынов. Негізі бұл фильм наурыз айында көрсетіледі деп күтіліп отыр. Фильмнің басты рөлін кезінде "Тамаша" әзіл-оспақ театрында ойнаған әйгілі актер Қадырбек Демесін мен "Перекресток" сериялымен танылған Ғазиза Әбдінәбиева сомдайды. Сондай-ақ түсірілімге Асанәлі Әшімов те қатысқан. "Мен мұны неге жасадым? Қазір бізге оңай емес. Бұл - адамдарға демеу болып, олардың көңілін көтеріп, күлдіріп, шаттандыруға талпынғандығымыз. Сонымен бірге 22-сіндегі Наурыз мерекесіне сыйлығымыз дегім келеді", - дейді режиссер. Айта кетейік, "Кемпір" фильмінің түсірілімі 2013 жылдың жаз бен күз мезгілінде Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізілген болатын. Бұрын фильмнің атауы басқаша аталатын - "Қалай болды? Немесе қазақы форс-мажор". Сол уақытта Тұрсынов кинокартинада Михаил Жванецкий, Аркади Райкин, Андрей Миронов секілді адамға шын жүрекпен күлу арқылы өзіне үңілуге мүмкіндік беретін шын мәнісінде ақылды, тірі және жақсы әзіл көрсетуге ниеттенгенін мәлімдеген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети