01 сәуір 2022 | 15:06

"Тым ашық". Қазақстандық модельдің премьерадағы киімі Желіде талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/aya_shalkar Фото: instagram.com/aya_shalkar

Қазақстандық модель Айя Шалқар Голливуд жұлдызы Джаред Летомен бірге Лос-Анджелесте "Морбиус" фильмінің премьерасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық модель Айя Шалқар Голливуд жұлдызы Джаред Летомен бірге Лос-Анджелесте "Морбиус" фильмінің премьерасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айя Шалқар мен Джаред Лето бірге қызыл кілеммен жүріп өтті. 

"Сонымен... қызыл кілемдегі алғашқы сәтім. Джаред Лето, кеше "Морбиус" фильмінің Лос-Анджелестегі премьерасына шақырғаныңызға рақмет!", - деп жазды модель Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

Желіде қазақстандық модельдің киімі қызу талқыланып жатыр. Пікір жазғандар екіге бөлінген: бірі Айя Шалқарға таңдай қағып жатса, тағы бір бөлігі модельдің киімін сынға алған. 

"Керемет! Бұл нағыз арман ғой", "Ғажап!", "Өте керемет!", "Ұятмендер, қайда?", "Сен сұлусың, таласым жоқ, бірақ, меніңше, тым ашық киініпсің", - деп жазған желі қолданушылары. 

25 жастағы Айя Шалқар - Алматы тумасы. Ол Венада қолданбалы өнер университетін тәмамдаған. 2014 жылы франциялық ZUT! журналының мұқабасына шыққаннан кейін кең таныла бастаған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети