24 сәуір 2019 | 16:09

"Ұлы дала ізімен" фильмдер апталығы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстікфильм" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала ізімен" жобасы аясында Түркістан облысында түсірілген анимациялық фильмдер апталығы 22 сәуірден басталады, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстікфильм" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала ізімен" жобасы аясында Түркістан облысында түсірілген анимациялық фильмдер апталығы 22 сәуірден басталады, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Бұл апталықтың салтанатты ашылу іс-шарасы Ордабасы ауданында өтеді. Әрі қарай облысымызға қарасты барлық аудан-қалаларда өз жұмысын жалғастыратын болады.

Фильмдер апталығының мақсаты - Түркістан өңірінде түсірілген анимациялық фильмдерді көрсету арқылы өскелең ұрпаққа Елбасы мақаларында атап өткендей жан-жақты әрі сапалы тәрбиені тек кітаппен ғана емес, мықты тұлғаларымыз бен киелі жерлеріміз жайлы ақпар беріп тәрбиелеу, тарихымызды жаттату, ұлттық кодты қалыптастыру.

Шара барысында жақында ғана тұсауы кесілген қос анимациялық фильм көрсетілетін болады.

"Ордабасы - бірлік туы" анимациялық фильмі 2018 жылы Ордабасы тауындағы үш ел Президенттерінің тарихи кездесуіне және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын" құру туралы Елбасы Жарлығының шыққанына 25 жыл толуына орай облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген.

Бұл фильмде ел қорғаған баhадүрлеріміздің ерліктерін суреттей отырып, елдің бірлігін көрсету арқылы Асылжан есімді балақайдың елін, жерін қорғауға деген ұмтылысын жас ұрпақ санасына сіңіруді көздейді. Оқиға желісінде қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке билері бастап, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай секілді батырлары қоштап, бүкіл ел бірігіп, шешуші айқаста ата жауын жеңген тұстары көрініс табады.

"Оқсыз оқиғасы" фильмінде әлемге "Екінші Ұстаз" ретінде белгілі болған Фараби ғұламаның алғаш дүниеге келгені, оның бала кезден білімге құштарлығы, жаңашылдыққа деген ұмтылысы сипатталады. Есейіп, жігіт болған кезінде жас Әбу Насырдың жинаған білімі өз елінің, өз шаһарының игілігіне жарап, көп жетістіктерге жетелейді. Сонымен қатар жас Фараби адалдық пен табандылықтың арқасында сарай маңының астыртын жауларын құрықтап, олардың теріс әрекеттеріне тосқауыл болады. Тарихи деректер бойынша Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан өлкесіндегі көне Оқсыз қаласында дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети