14 наурыз 2014 18:05

Валентин Гафттың халі мүшкіл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Валентин Гафт. ©РИА Новости Актер Валентин Гафт. ©РИА Новости

Ресейлік актер Валентин Гафт өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lifenews.ru. сайтына сілтеме жасай отырып. Ол Мәскеудегі ауруханалардың біріндегі жан сақтау бөлімінде жатыр. Валентин Гафтың жүрегі сыр берген. Ол өзінің мазасы болмай тұрғанын 14 наурыз күні таңертең сезе бастапты. Оның туысқандары үйіне жедел жәрдем шақырған. "Қазіргі уақытта актердің халі өте ауыр" - дейді дәрігерлер. "Гафт өзін жайсыз сезінген соң жедел жәрдем шақырылған. Оны дереу Мәскеудегі Боткин ауруханасына алып кетті", – деді актер жұмыс істейтін "Современник" театрының қызметкерлері РИА новости сайтына берген жауабында. Сондықтан 14 наурызға белгіленген Валентин Гафтың қатысуымен өтетін "Заяц. Love Story" спектаклі кейінге шегерілген. Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің басшысы Георгий Голухов актерға барлық қажетті тексерулердің жасалғанын, дәрігерлер консилиумда Гафтың жағдайын талқылағанын, бүгінде жедел ем шаралары жасалып, хирургиялық жолмен науқастың бетін бері қарату жоспарланып жатқанын жеткізді. Валентин Гафт актерлық жолын 1957 жылы Моссовет атындағы театрда бастаған. Осы күнге дейін актер кинода 100-ден аса рөлдер де ойнап, театр сахнасында ондаған кейіпкерлерді сомдады. Валентин Гафтты көпшілік "Гараж" және "О бедном гусаре замолвите слово…" атты картиналар арқылы жақсы таниды. Ол "Отан алдындағы еңбегі үшін" III дәрежелі орденімен марапатталған, Станиславский атындағы театр жүлдесінің лауреаты, "Алтын қыран" және т.б. марапаттардың иегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети