17 наурыз 2017 17:43

"Время первых" блокбастері қазақ тіліне аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарыш туралы 3D форматында түсірілген ресейлік бірінші фильм - "Время первых" - экранға 2017 жылдың 6 сәуірінде шығады. Сондай-ақ, қазақстандық көрермендер осы фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасын тамашалай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғарыш туралы 3D форматында түсірілген ресейлік бірінші фильм - "Время первых" - экранға 2017 жылдың 6 сәуірінде шығады. Сондай-ақ, қазақстандық көрермендер осы фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасын тамашалай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ тіліне "Алғашқылар дәуірі" деп аударылған блокбастер адам баласының ғарыш кеңістігіне алғаш шығуы жайлы. Жобаның продюсерлері Тимур Бекмәмбетов және Евгений Миронов, басты рөлдерде - Евгений Миронов (Алексей Леонов) және Константин Хабенский (Павел Беляев). Қазақ тіліне дубляждау директоры Айжан Жәмшитова. Қазақ тілінде басты рөлдегі актерлерді Азамат Қанапияев (Алексей Леонов), Ғани Құлжанов (Константин Хабенский), Бақытжан Нұрпейісовтер (Сергей Королев) дубляжадған. Жобаны ұйымдастырушылар: Marwin қолдаған "Болашақ" корпоратив қоры.  

"Алғашқылар" фильмінің режиссері Дмитрий Киселев пен оператор Владимир Баштының туындысы өмірде шын мәнінде болған "Восход-2" кемесінің ұшуы және адам баласының ғарыш кеңістігіне алғаш рет шығуы туралы. Түсірілім тобы осы тарихи оқиғаның қалай болғанын және экипаждың жер бетіне қайтып келуін түсірген. 

 

"Восход - 2" ұшқан кезде жеті рет штаттан тыс жағдай болған, оның үшеуі, не төртеуі адам өміріне қауіп төндірген", - деді сол кездегі оқиғаның қатысушысы және фильмнің басты кеңесшісі Алексей Леонов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети