"Хабар" телеарнасы "Оскар-2018" кино жүлдесін көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар" телеарнасы "Оскар-2018" кино жүлдесін көрсетеді © The New Yorker

"Хабар" телеарнасы "Оскар-2018" кино жүлдесін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар" телеарнасы "Оскар-2018" кино жүлдесін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 наурызда "Хабар" және "Ел Арна" телеарналары "Оскар-2018" жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді.

Көрсетілім таңғы 5.30-да "Ел Арна" телеарнасында жұлдызды қонақтардың  Лос-Анджелес қаласында орналасқан "Долби" театрындағы қызыл кілемнен жүріп өту салтанатынан басталады.

Таңғы сағат 7.00-де марапаттаудың негізгі бөлігі "Хабар" телеарнасында жалғасады.   

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, кешті танымал тележүргізуші және комик Джимми Киммел жүргізеді.

Джимми Киммелдің видеожолдауы:   

"Хабар" және "Ел Арна" телеарналарындағы шараға белгілі киносыншылар Дмитрий Мостовой, Нұржан Еркінұлы және Карим Кадырбаев комментаторлық етеді.

"Оскар" жүлдесін дүниежүзіндегі барлық киносүйер қауым күтеді, бұл киноиндустриядағы ең басты оқиғалардың бірі. "Хабар" агенттігі осымен бірнеше рет Қазақстан аумағында аталмыш сыйлықты көрсету құқына ие болып келеді. Біз үшін көрермендеріміздің бүкіл әлеммен бірге ауқымды шараны тікелей эфирде, өз ісінің шеберлері Дмитрий Мостовой, Нұржан Еркінұлы және Карим Кадырбаевтың комментаторлығымен көре алатындығы үлкен қуаныш", - дейді "Хабар" арнасының директоры Ерлан Игісінов.    

Салтанатты шара Пхёнчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына байланысты наурыз айына ауыстырылған болатын.

"Жылдағы дәстүр бойынша "Үздік фильм", "Үздік режиссерлік жұмыс", "Үздік актер", "Үздік актриса" және т.б. аталымдар бойынша 24 жеңімпазға статуэтка табыс етіледі.

Биыл режиссер Гильермо дель Тороның "Форма воды" картинасы 13 аталымға ұсынылып, номинация саны бойынша көш бастап тұр. Онан кейін "Дюнкерк" фильмі 8 номинацияға, ал "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" туындысы 7 номинацияға ұсынылған", - дейді телеарнаның баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети