"Қазақстан" орталық концерт залында XIV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті.
"Қазақстан" орталық концерт залында XIV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті.
Биыл кинофестивальдің құрметті қонақтары франциялық актер Венсан Кассель, югославиялық және серб кинорежиссері әрі кино актері Эмир Кустурица, "Айка" фильміндегі ролі үшін 71 Канн кинофестивалінде Үздік әйел ролі сыйлығын алған Самал Еслямова, ресейлік кино және театр актрисасы Равшана Куркова, ресейлік кино және театр режиссерлері Сергей Пускепалис пен Анна Меликян, сонымен қатар, кино жұлдыздары мен халықаралық кинофестивальдердің басшылары, Еуропа, Азия, Африка, Америка киноиндустриясындағы танымал сарапшылар мен сыншылар, мәдениет саласындағы танымал тұлғалар болды.
Шара барысында XIV Халықаралық "Евразия" кинофестивалі жеңімпазының фильмі көрсетілді.
XIV Халықаралық "Евразия" кинофестивалінің барлық жеңімпазы:
Негізгі байқау:
ГРАН-ПРИ – "Вечеринка окончена" реж. М.Гарель Вайс (Франция);
ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫС – Милко Лазаров, "Ага" (Болгария, Германия, Франция);
ӘДІЛ ҚАЗЫЛАРДЫҢ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫ – "Мама" ("Деде"), реж. Мария Хатчани (Грузия);
ӘДІЛ ҚАЗЫЛАРДЫҢ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫ – "Преследующий автостоп", реж. Хидже Джонг (Оңтүстік Корея);
ҮЗДІК ӘЙЕЛ РОЛІ – Карим Мирхадиев, "Стойкость" (Өзбекстан);
ҮЗДІК ӘЙЕЛ РОЛІ – Марта Козлова, "Война Анны" (Ресей);
Қысқа метр бойынша байқау:
ГРАН – ПРИ – "Монолог рыб", реж. Суборна Сенжути (Үндістан, Бангладеш);
ӘДІЛ ҚАЗЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ЕСКЕРУІ – "Календарь", реж. Игорь Поплаухин (Ресей).
НЕТПАК таңдауы:
"Сулейман гора", реж. Е. Стишова (Ресей-Қырғызстан-Польша).
ФИПРЕССИ таңдауы:
"Сулейман гора", реж. Е. Стишова (Ресей-Қырғызстан-Польша).
"Ел-Арна" телеарнасының дипломы режиссер Олжас Ахметовтың "Неделимое" қазақстандық фильміне берілді.
Биыл конкурсқа қатысуға шамамен мың өтініш келіп түсті. Олардың арасында халықаралық байқауға - 12 толық метражды картина, қысқа метраждыға – 36 картина, "Караван" – 9 картина, "Из сердца Евразии" - 9 картина, "НЕТПАК таңдауы" – 3 картина, "Вокруг света" – 10 картина, "Ерекше оқиға" – 7 картина, "Объектив" – деректі кино бағдарламасы – Орта Азияны қосқанда бүкіл әлемнен 12 деректі фильм.
Ақыры бағдарламаға 98 картина ілікті, олардың арасында қазақстандық 21 картина бар.
Кинофестиваль шеңберінде екінші Eurasia Film Market кинорыногы болды. Оған 70 компания қатысты, олардың 30 - шетелдік, 40 - қазақстандық.
Еуразия жобалар рыногы қазылар алқасының шешімімен екі қатысушыға сыйлық берілді, олар екі ай бойы New York Film Academy академиясында тағылымдадан өтеді, олардың бірі - "Ыстық күн, салқын сыра" жобасы (Әмір Әменов, Қазақстан) және "Одинокая сосна" (Дальмира Тілепберген, Қырғызстан).
Екінші сыйлық - "А" класындағы кинофестивальға сапар, оған "Шекара" жобасы (Асхат Кучинчиреков, Қазақстан) ие болды.