"Жалғыз басты ананың" тағдыры көрермендерді еріксіз жылатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жалғыз басты ананың" тағдыры көрермендерді еріксіз жылатты

"Қазақстан" ұлттық арнасынан сенбі күндері "Анашым, мені қалдырма" телехикаясы көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" ұлттық арнасынан сенбі күндері "Анашым, мені қалдырма" телехикаясы көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрермен назарына ұсынылған "Анашым, мені қалдырма" телехикаясы қоғамның қатал сынына ұшыраған жас аналардың тағдыры жайында болып отыр. Бұл әлеуметтік жоба түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді екен.

"Қазақстан" ұлттық арнасының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, телехикая эфирге шыққан алғашқы күннен бастап қаралымы бойынша рейтингісі жоғары сериал болды. "Көрермендерді толғандырып, қоғамға ой салатын мұндай әлеуметтік жоба бізге керек-ақ", - деп атап өтті телеарна басшысы.

Телехикаяда қозғалған тақырыптардың бірі - жесір әйелдер жайлы. "Баласын - бауыр етім" деп білген ата-бабамыз қай кезде де жетімін жылатпаған, ал жесірін еш қаңғыртпаған. Жесір әйелді үйлене алмай жүрген азаматқа қосып, жетім баланы әкелі етіп қоғамның кем тұстарын толтырып отырған. Жалпы дінімізде некесіз қосылуды рұқсат етпейді. Сондықтан да әйел адамды аса құрметтеуді, оны теріс жолға итермелемеуді ер азаматтарға міндеттеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети