Интерпол алаяқтық жасады деген күдіктіні Македониядан Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Интерпол алаяқтық жасады деген күдіктіні Македониядан Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ағымдағы жылғы 9 қарашада Қазақстан ІІМ Интерполының және Бас прокуратураның қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының ІІД бастамасымен Қызыл бюллетень бойынша халықаралық іздеу жарияланған (тұтқындау және экстрадициялау мақсатымен) 35 жастағы Рукосуев Павел Анатольевичті экстрадициялады", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оның биыл 13 мамыра Македония аумағында қазақстандық Интерполдың сұрау салуы бойынша ұсталғаны белгілі болып отыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол 2014 жылғы наурыз-қыркүйек аралығында адамдармен топтасып, жалған құжаттарды пайдаланып, "РБК Банкінен" ақшалай несие алған. Шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асады екен.