"1 миллион теңге алған". Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"1 миллион теңге алған". Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

19 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикордың жалған қызметкерін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1983 жылы туған Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталған. Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 миллион теңге сомасындағы ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.

Тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясы қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленген.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін. Оның заңсыз істері туралы ақпарат болған жағдайда Антикордың Call-орталығына (1424) хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети