Қостанай облысында "қара риэлторлар" сот алдына келеді. Өңірдің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына пәтер алаяқтығы бойынша айыпталған он адамға қатысты қылмыстық іс түсті, - деп жазады "Наша газета".
Қостанай облысында "қара риэлторлар" сот алдына келеді. Өңірдің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына пәтер алаяқтығы бойынша айыпталған он адамға қатысты қылмыстық іс түсті, - деп жазады "Наша газета".
"Қара риэлторлар" тобын ағайынды Жанат пен Таңатқановтар ұйымдастырған. Оларға 50 жастағы туысы Жамал Шагвалеева көмектескен. Топ мүшелерінің арасында ағайынды алаяқтармен бірге тұрған 30 жастағы Зәуре Бермағамбетова мен 33 жастағы Анар Құсайынова және 35 жастағы Жәнібек Аңдамасов, 55 жастағы Сергей Безгунов, 47 жастағы Борис Шаповалов, 56 жастағы Беслан Евлоев пен 28 жастағы Салтанат Құлболова да бар.
Іс материалдарына қарағанда, Жанат Таңатқанов 11 пәтер мен жер телімі бойынша заңсыз келісімшарт жасаған. Сонымен қатар, оған баланы қамқорлыққа алуды рәсімдеу жолымен өзгелердің зейнетақысын заңсыз иемденді деген айып та тағылып отыр.
2004 жылы ағайынды Таңатқановтар Қостанай мен облыс аумағындағы пәтерлер мен әлеуметтік қамқорлыққа алынған адамдардың зейнетақы шоттары туралы "ақпарат жинаудың тұрақты арнасын" ұйымдастырған. Алаяқ риэлторлар мүгедектерді, балалар үйі түлектерін, психикалық аурумен ауыратындарды және маскүнемдерді құрбанына айналдырған.
Жәбірленушілердің бірі - онкологиялық ауруға шалдыққан ауыр науқас. Оның баспанасын тартып алу үшін топ мүшелері ер адамды ауруханаға жатқызып, оның коммуналдық қарыздарын төлеуге сенімхатты рәсімдейміз деп, пәтерінің құжаттарын алып алады.
Келесі бір жәбірленушіні "қара риэлторлар" сату-сатып алу келісімшартына қол қоюға мәжбүрлеп, ұрып-соққан. Басқа жәбірленушілер олардың алдауына түсіп, пәтерлерін өз еркімен берген. Күдіктілер оларды ескі пәтердің орнына жақсартылған, жайлы баспана береміз деп алдаған.