Астанада 10 жасар қыз баланың өліміне себеп болған жол-апатына кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, мамырдың 15-сі күні таңғы сағат 8-дің шамасында Желтоқсан мен Абай көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болды. "Газель" маркалы инкассаторлық көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына қарамай, жолды кесіп өтпекші болған. Алайда Toyota RAV 4 көлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан оқиға орнында 10 жасар қыз қайтыс болды. Ол көліктің артқы жағында отырған. Ал Toyota RAV 4 көлігінің рөлінде оның анасы болды. Артынан жол-патрульдік полиция қызметкерлері инкассатор көлігін жүргізген азаматтың мас болғанын анықтады.
"Сот санкциясымен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді баспасөз қызметінің мамандары. Инкассатор көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.