Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

10 жасар қыздың өліміне кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі қамауға алынды 22 мамыр 2014, 11:52

Астанада 10 жасар қыз баланың өліміне себеп болған жол-апатына кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі бес жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©dtpshka.org.ua ©dtpshka.org.ua

Астанада 10 жасар қыз баланың өліміне себеп болған жол-апатына кінәлі инкассатор көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, мамырдың 15-сі күні таңғы сағат 8-дің шамасында Желтоқсан мен Абай көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болды. "Газель" маркалы инкассаторлық көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына қарамай, жолды кесіп өтпекші болған. Алайда Toyota RAV 4 көлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан оқиға орнында 10 жасар қыз қайтыс болды. Ол көліктің артқы жағында отырған. Ал Toyota RAV 4 көлігінің рөлінде оның анасы болды. Артынан жол-патрульдік полиция қызметкерлері инкассатор көлігін жүргізген азаматтың мас болғанын анықтады.  

"Сот санкциясымен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді баспасөз қызметінің мамандары. Инкассатор көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Join Telegram