10 жастағы зорланған қызға түсік жасатуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы зорланған қызға түсік жасатуға тыйым салынды Moldovacrestina.md сайтынан

Парагвайда 10 жастағы зорланған қызға түсік жасатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды BBC News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парагвайда 10 жастағы зорланған қызға түсік жасатуға тыйым салынды, - деп хабарлайды BBC News.

БҰҰ кеңесі жәбірленушінің құқығы бұзылғаны үшін Парагвай билігін кінәлап отыр. Парагвайда ана өміріне қауіп төніп тұрған кезде түсік жасатуға тыйым салынған. Заңда зорланған немесе жас аналардың жағдайы қарастырылмаған. Қазір қыз жүктіліктің 23-ші аптасында. Денсаулық сақтау министрі Антонио Баррос түсік жасатуға қарсы, ол оқиға жақсы нәтижемен аяқталады деп сенеді.

Қызды зорлады деген күдікпен полицейлер 42 жастағы ер адамды ұстады. Дегенмен ол өз кінәсін мойындамай отыр.

Басылымның хабарлауынша, анасы қызды ауруханаға әкелген кезде дәрігерлер ісік бар деп қауіптенген.

Айта кетейік, жеті миллионға жуық тұрғыны бар Парагвайда жылына 14 жасқа толмаған 600-ге жуық қыз екіқабат болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети