24 қыркүйек 2020 18:27

10 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам Алматы облысында ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам Алматы облысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


10 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам Алматы облысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйекте Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының жоғалғаны туралы арызданған.

Дереккөз мәліметінше, осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. 

"Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы шетелдікті ізін суытпай анықтады. Ұсталған сәтте күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгерген. Ноутбук сатып алушыдан алынды.

Жеке басын тексеру барысында ұсталған ер адамды 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Күдікті қамауға алынды", - деді Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қыйқабаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети