21 мамыр 2014 09:39

100 мың теңге пара алған судья 7 жылға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

"Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы 100 мың теңге пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай мәліметті "Жетінші арна" телеарнасы таратты. Қаржы полициясы қызметкерінің сөзіне қарағанда, судья Есімхан Жамбылбаев параны азаматтық іс бойынша оң шешім шығарып беру үшін алған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жамбылбаев Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 311 бабы 3 тармағы бойынша айыпты деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды" деп мәлімдейді Қызылорда облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Аида Жаңабергенова. Судья мен пара беруші арасында жүрген делдал да назардан тыс қалмаған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында Батыс Қазақстан облысында аудандық сот төрағасы Бақытжан Сатыбалдиев 200 мың теңге парамен ұсталған болатын. Жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған судья қаржы полициясының құрығына түскен еді. Сатыбалдиев жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети