"100 пайыз үстеме бағамен сатқан". Қостанай облысында қантқа қатысты қылмыстық схема әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"100 пайыз үстеме бағамен сатқан". Қостанай облысында қантқа қатысты қылмыстық схема әшкереленді Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қостанай облысында бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілетем жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілетем жасап.

"Әкімдік пен "Тобыл ӘКК" АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан жеңілдік құны бойынша келісіне 420 теңгеге кезектен және нормадан тыс таңдалған кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 келіге дейін қантты үлестірген. Бұдан әрі ол кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10 пайыздың орнына 100 пайыз үстеме бағамен сатқан", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, тұрақтандыру қорындағы қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 келі қант табылып, тәркіленген. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети