Қарағанды облысы Жаңаарқа қаласының тұрғыны Қаламқас Аманбек 11 жастағы баланы қатігездікпен өлтіргені және қаракүзен тонды ұрлағаны туралы тағылған айып бойынша өзін ақтауды талап етіп, облыстық сотқа апелляциялық арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал марқұм болған оқушының ата-анасы сот үкімін өзгертпеу туралы апелляциялық арыз жазды. Еске салайық, Леон Серікбаев 2014 жылдың қыркүйегінде өлтірілген еді.

Өлген баланың әпкесі Жанет Серікбаева немере әпкесі Қаламқастың жоғарғы сотқа өзін ақтау туралы арыз жазғанын растады. "Ол куәгерлер берген түсініктің объективті емес екенін, марқұмның өзімен бірге жүргенін ешкім көрмегенін айтты. Оның айтуынша, ол үйге кірмеген. Біз сот үкімінің өз қалпында қалуын немесе бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартуды сұрап отырмыз", - деді Жанет. Қылмыскердің арызын Қарағанды облысы сотының басқармасы қабылдады. Істің қайта қаралу күні нақты белгіленген жоқ.
Еске салайық, мамандандырылған ауданаралық сот қаракүзен тон үшін 11 жастағы Леон Серікбаевты өлтірген Қарағанды экономикалық университетінің студенті Қаламқас Аманбекті кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді деп хабарланған болатын. Айта кетейік, қылмыскерге қатысты жаңа туған сәбидің жоғалып кетуі дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Леон Серікбаевтың әкесі сотта студент қыздың 2014 жылы ақпан айында босанғанын хабарлаған еді.
Еске сала кетейік, 11 жастағы Леон Серікбаев өткен жылдың 25 қыркүйегінде өз үйінен немере әпкесінің қаракүзен тонды ұрлап жатқанын көріп қалғаны үшін қанішердің жазасына ұшыраған еді. Қыз інісін пышақтап, тұншықтырған. Баланың үстінен мектеп формасын шешіп, оны өртеп жібереді де, марқұмды көшедегі дәретхананың шұңқырына тастайды. Қылмыскердің ломбардқа кіріп ұрланған қаракүзен тонды өткізгені бейнетаспаға жазылып қалған еді. Сотта судья бейнетаспаны айыпталушыға көрсеткенде, көзі нашар көретінін айтқан. Оны ломбард қызметкері таныған. Оқушының көршісі де Леон Серікбаевты пәтерінен қылмыскердің алып кетіп бара жақанын көргенін айтқан.