Сот 11 жастағы Леон Серікбаевты өлтірген қылмыскердің өзін ақтау туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, Леон Серікбаеавты өзінің немере әпкесі 2014 жылдың қыркүйегінде өлтірілген еді.
Сот 11 жастағы Леон Серікбаевты өлтірген қылмыскердің өзін ақтау туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, Леон Серікбаеавты өзінің немере әпкесі 2014 жылдың қыркүйегінде өлтірілген еді.
Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық ұжым соттың бастапқы шешімін өзгертусіз қалдырды. Еске сала кетейік, Қаламқас Аманбек 17 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. "Қылмыскердің 11 жастағы Леон Серікбаевты өлтіруге қатысты кінәсіздігі мен қылмысқа қатысы жоқтығы туралы айғақтары қылмыстық істің материалдарына енгізілмейді. Видеоматериалдар мен бірқатар куәгерлердің түсініктері, керісінше, оның кінәлі екенін дәлелдейді. Осылайша, сот сотталушы Аманбектің апеллияциялық өтінішін қанағаттандырмайды", - деді судья Роза Нұрмұханова қаулыны оқи отырып.
Еске сала кетейік, 11 жастағы Леон Серікбаев өткен жылдың 25 қыркүйегінде өз үйінен немере әпкесінің қаракүзен тонды ұрлап жатқанын көріп қалғаны үшін қанішердің жазасына ұшыраған еді. Қыз інісін пышақтап, тұншықтырған. Баланың үстінен мектеп формасын шешіп, оны өртеп жібереді де, марқұмды көшедегі дәретхананың шұңқырына тастайды. Оқушының көршісі де Леон Серікбаевты пәтерінен қылмыскердің алып кетіп бара жақанын көргенін айтқан. Айта кетейік, қылмыскерге қатысты жаңа туған сәбидің жоғалып кетуі дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Леон Серікбаевтың әкесі сотта студент қыздың 2014 жылы ақпан айында босанғанын хабарлаған еді.