03 наурыз 2015 | 10:49

11 жастағы Леон Серікбаевты өлтірген қыз 17 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Айсұлу Бұштаева ©Айсұлу Бұштаева

11 жастағы інісі Леон Серікбаевты қатыгездікпен өлтірген қарағандылық 17 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, ол Леон Серікбаевты 25 қыркүйекте өлтірген еді.


Иконка комментария блок соц сети

11 жастағы інісі Леон Серікбаевты қатыгездікпен өлтірген қарағандылық 17 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, ол Леон Серікбаевты 25 қыркүйекте өлтірген еді.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Қарағанды экономикалық университетінің студенті Қаламқас Аманбекті Леон Серікбаевтың өліміне айыпты деп тауып, қаулы шығарды. "Сот сотталушының өз кінәсін мойындамағанына және полицейлердің тарапынан физикалық және моральдық қысым көрсетуі туралы айтқан дәлелдеріне сыни көзқараспен қарайды. Қылмыстық іс материалдарында сотталушының осы қылмысқа тікелей қатысы бар екені туралы куәгерлердің берген жауабы мен қылмысқа пайдакүнемдік мақсатта барғанын айғақтайтын ломбардтағы бейнебақылау камераларының жазбалары бар", - деді судья Төлеген Таңсықпаев.

Судья студентке жалпы режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Бұған дейін прокурор Саян Аққожин тараптарды қатар тыңдау кезінде Леон Серікбаевты өлтіргені үшін сотталушыға 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесуді сұраған болатын. Сонымен қатар, қыздың тағы бір қылмыстық іс бойынша күдікті екені белгілі болды. Оған қатысты жаңа туған сәбидің жоғалып кетуі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Леон Серікбаевтың әкесі сотта студент қыздың 2014 жылы ақпан айында босанғанын хабарлады. "Бірақ оны тіркеген емханада ол біздің көршілеріміздің мекен-жайын айтқан. Сол уақытта ол жақта ешкім тұрмады, сондықтан патронаж медбике келсе, ол үйде ешкімді де таппайтын еді. Баланы босанғаны жайлы дерек бар, бірақ сәбиді ешкім көрмеді, ұшты-күйлі жоқ. Полицейлер студенттің өз қызының жоғалуына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", - деді ол.  

Еске сала кетейік, 11 жастағы Леон Серікбаев өткен жылдың 25 қыркүйегінде өз үйінен немере әпкесінің қаракүзен тонды ұрлап жатқанын көріп қалғаны үшін қанішердің жазасына ұшыраған еді. Қыз інісін пышақтап, тұншықтырған. Баланың үстінен мектеп формасын шешіп, оны өртеп жібереді де, марқұмды көшедегі дәретхананың шұңқырына тастайды. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети