11 жыл бойы жасырынып жүрген: Шымкентте шетелдік азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 жыл бойы жасырынып жүрген: Шымкентте шетелдік азамат ұсталды Фото: Шымкент ПД

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент ПД мәліметінше, Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстаған.

"Ер адамға көрші елдің құқық қорғау органдары кедендік заңнаманы бұзғаны және пара алғаны үшін халықаралық іздеу жариялаған. Ол 11 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети