05 желтоқсан 2019 | 10:23

15 жастағы жасөспірім өзімен жасты баланы өлтіргені үшін 9 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жастағы жасөсіпірім өзімен жасты баланы өлтіргені үшін 9 жылға сотталды. Қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласында жаппай төбелес кезінде болған, - деп хабарлайды "Астана"


Иконка комментария блок соц сети

15 жастағы жасөсіпірім өзімен жасты баланы өлтіргені үшін 9 жылға сотталды. Қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласында жаппай төбелес кезінде болған, - деп хабарлайды "Астана"

Барлығы жанжалдасудан басталған, соңы жоғарғы сыныпта оқитын екі оқушының пышақ жарақатын алуымен аяқталды. Біреуі қансырап өлген. Сот процесі кезінде анасы эмоцияға берілді. 

Жасөспірім жазаны эмоциясыз тыңдады. Сот алдына ол жалғыз келді. Негізінде ол төбелеске он шақты жоғарғы сынып оқушысы қатысқан. Екі ықшамауданның жас тұрғындары ерегесуінен басталған. Сосын жұдырық ала жүгірген. Біреуі пышақ шығарған. Соның салдарынан екі бала хирургиялық үстелге түсті. Сотталушының анасы тергеу шараларының бұзушылықтармен жүргізілгенін айтты. Спортшы, кубоктардың иегері және бокстан талай республикалық жарыстардың жеңімпазы адам пышақтады дегенге сенбейді. 

 Сараптамалардың еш қайсысы оны дәлелдей алмады. Тек сөздер мен өсекке сүйеніп отыр. Кім-кіммен төбелескенін ол білмейді. Оны біреулер ұрып тастаған, таңда полиция келіп, бір баланың қайтыс болғанын айтты. Әрине, сот шешімін апеляцияға береміз. Астанаға жазамыз", - дейді сотталушының анасы Дина Қуанғалиева. 

15 жастағы Қанағаттың өз шындыы бар. Анасының айтуынша, тергеушілерде ұлын өлтірген адама қатысты тікелей айғақтар бар еен. 

"Олар оның інәсіздігін айтады. Мен ешкімді отырғызғым келмейді, осыны істеген адам ғана жазасын алсын, мен сот шешімімен келісемін. Барлығы да оның қолына пышақ алғанын көрген. Ол досына пышақ ұрғаны туралы хабарлама жазған", - дейді қайтыс болған баланың анасы Шолпан Менебаева. 

Қанағат үйдегі төрт баланың үшіншісі. Домбырада ойнайды, архитектор болуды жоспарлап жүрген. Бүгін оның туған күні, тірі болса 16-ға толар еді.

"Мен оның туған күнін тойлап, жеке куәлігін алар едік, онда тек туу туралы куәлік пен қайтыс болғаны туралы акт бар. Қолына аттестат та алып үлгермеді", - дейді анасы. 

Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіздігі орта деңгейлі колонияда өтейтін болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети