Полицейді өлтіргені үшін сотталған ер адам Алматы облысындағы колониядан босатылды. Ол бапты қайта саралауға байланысты сот тағайындаған 15 жылдың орнына үш жыл жазасын өтіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.
Полицейді өлтіргені үшін сотталған ер адам Алматы облысындағы колониядан босатылды. Ол бапты қайта саралауға байланысты сот тағайындаған 15 жылдың орнына үш жыл жазасын өтіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2018 жылдың мамырында болған. Есік қаласындағы кафеде бірнеше адамның арасында жанжал туған. Төбелес нәтижесінде полиция майоры мен оның досы қайтыс болды. Сот Әмір Әбубәкіров пен Олжас Мейірқановты адам өліміне кінәлі деп таныды. Олжас Мейірқанов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс қайта қаралып, ол тек үш жыл жазасын өтеп келді. Бұған дейін оған "Бұзақылықпен кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылған болса, енді ол "Қажетті қорғаныс шектерінен асып кету" бабына ауыстырылды.
"Алты баланы жетім қалдырып үш жыл ғана отырып шықты. Ол толық жазасын өтеген жоқ. Біз әділеттілікті қалаймыз. Жалпы заң жоқ, әділеттілік жоқ. Олар бостандықта жүр, ал біздің күйеулерімізді қайтару мүмкін емес", - деп ашуланды кісі қолынан өлген полицей Ержан Баймаханның әйелі Айжан Қыдырәлиева.
Қаза болған полицейлердің әйелі екінші сотталушының уақытша бостандықта екенін айтты. Олардың айтуынша, белгісіз себептермен Әмір Әбубәкіров бірнеше ай бойы үйде болған.
"Мен оның былтыр қазан, қарашада бостандықта жүргенін кездейсоқ білдім. Соттың біздің қатысуымсыз өткеніне, сотқа мені шақырмағанына наразылық білдірдім. Оның жазасын толық өтемей бостандықта жүруіне қарсымын. Оған онсызда ең аз мерзім 8 жыл тағайындалды. Бірақ сот менің өтінішімді қанағаттандырғаннан кейін де, ол тағы екі-үш ай бостандыққа шықты", - деді кісі қолынан қаза тапқан Қуаныш Рыспековтың әйелі Гүлмира Рыспекова.
Жоғарғы Сот журналистердің ресми сұрауына жауап ретінде Әбубәкіров қазір орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқанын хабарлады. Оның алдында тағы бес жыл бар. Мейірқанов келетін болсақ, оған қатысты іс қайта қаралды.
"Сот Мейірқанов жәбірленуші Баймаханды өлтіруге ниеті болмаған деп тапты. Қаза тапқан Баймахан мен басқа да жәбірленушілердің мас күйде болған жағдайлары, жәбірленушілер Мейірқанов туысы мен достарын кафеде ұрғаны қаралды. Мейірқанов алдымен жәбірленушілердің аяғына оқ жаудырған, жәбірленуші К.Жұманның айғақтарымен, куәгерлермен және сот-медициналық, баллистикалық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді", - деді Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіндегілер.
Іс қайта қаралғаннан кейін, қару алған Олжас Мейірқанов қамаудан босатылды. Сот шешімімен қаза тапқан Қуаныш Рыспеков пен Ержан Баймаханның туыстары келіспейді. Олар ел басшылығынан бұл іске назар аударуды сұрайды және кінәлілерді жазалауды талап етеді. Айта кетейік, қаза тапқан ер адамдардың кәмелетке толмаған балалары қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!