15 жыл іздеуде болған ер адам Қарағандыда ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағандылық полицейлер адам өліміне қатысы бар деген күдікпен он бес жылдан бері іздеуде жүрген ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық полицейлер адам өліміне қатысы бар деген күдікпен он бес жылдан бері іздеуде жүрген ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Қарағанды облысының ПД Криминалдық полиция басқармасына Ресей ІІМ Самара облысы бойынша Бас басқармасынан аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 43 жастағы Ресей азаматының Қарағанды облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.

Ресей тарапынан келіп түскен мәліметтер бойынша, ер адам 2005 жылы Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында сыбайластарымен бірге жәбірленушіні (Ресей азаматы) ұрлап кеткен. Кейіннен оны балталап өлтіріп, мәйітін өртеп, қалғанын жақын маңдағы су қоймасына батырып жіберген.

"Осы дерек бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғаған. 30 қарашада Теміртау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері он бес жыл бойы қашып жүрген ресейлік азаматты анықтап, ұстады. Іздеуде жүрген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұл туралы Ресей ІІМ Бас басқармасына хабарланды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro