4 қаңтарда Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленген.
"Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды. Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!