18 мамыр 2022 | 10:53

"15 миллионды қолды қылған". Екі тұрғын 200-ден аса қазақстандықты алдаған

Қазақстандықтардың 15 миллион теңгесін қолды қылған екі павлодарлық ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың 15 миллион теңгесін қолды қылған екі павлодарлық ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, полицияға түсетін әрбір үшінші шағым алаяқтықпен байланысты.

"Биыл Павлодар облысының аумағында интернет-алаяқтықтың 482 дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлері тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың түрлі айла-амалдары туралы ескертсе де азаматтар алаяқтардан алданып қалып жатыр", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғындары танымал сайттарда жоқ тауарларды сатып, 200-ден аса қазақстандықты алдаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полицейлері 24 және 27 жастағы екі тұрғынды анықтап, ұстады.

Олар OLX, Kolesa KZ сайттарында жоқ тауарларды сату туралы хабарландыру орналастырған. Сонымен қатар, олар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Қазақстанның барлық аумағында интернет-алаяқтықты жүзеге асырып келген. Клиенттер орташа есеппен 10 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем жасаған. Ақша үшінші тұлғалардың, яғни алкогольді асыра пайдаланатын адамдардың, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың шоттарына түскен. Осыдан кейін "сатушымен" байланыс үзіліп отырған. Барлық дерек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қылмыстық іс бойынша айыпталушылар қамауда. Бүгінде 200-ге жуық қылмыс анықталды. Залалдың жалпы сомасы шамамен, 15 миллион теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети