164 миллион теңгеден аса сомадағы салықты төлеуден жалтарған түркиялық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
164 миллион теңгеден аса сомадағы салықты төлеуден жалтарған түркиялық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысы мен құрылтайшысы Түркия азаматы болып табылған BESHEL CONSTRUCTION ЖШС салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.
"Салық тексерісінің нәтижесі бойынша 2015-2018 жыл аралығында кәсіпорынға 164 миллионнан аса сома көлеміндегі төленбеген салық есептелгені анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 сотының өкімімен түркиялық ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты болып танылып, оны 2 жылға ұйымдарда басқарушылық лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген комитеттің хабарламасында.
Сондай-ақ, негізгі жазаны өтегеннен кейін ол 5 жылға Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салумен ҚР-нан шығарылатыны айтылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!