17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдікті қамауға алынды © Tengrinews.kz

Шымкентте 17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдікті таксист қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби аудандық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша күдікті таксист қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби аудандық сотына сілтеме жасап.

Күдіктіні қамауға алу туралы санкцияны судья Ғани Байарыстан шығарды. Енді 25 жастағы күдікті Әлішер Ағымбаев алдағы екі айда уақытша ұстау изоляторында болады. Айыпталушының адвокаты оны кепілақымен үйқамақта ұстауды сұраған еді. Алайда мұндай бұлтартпау шарасын ауыр қылмыс жасағандарға қолдануға болмайтынын айтқан судья өтінішті қанағаттандырмады.

Еске салайық, Жібек жолы ауылының тұрғыны 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованың өлімі бойынша істе күдікті. Шымкенттегі жоғары оқу орнының студенті Әйгерім Оспанбекова 10 мамырда жоғалып кеткен еді. Қылмыстық істің материалдары бойынша, қыз оның көлігіне Сарыағаш ауданында отырған, бірақ Шымкентке сол күйі жетпеген. Прокурордың айтуынша, Әйгерім оның көлігіне отырғанда салонда тағы екі жолаушы болған. Әйелдер шығып кеткен, ал 17 жастағы студент Шымкентке жетуі тиіс болған. Бірақ қалаға жетпестен Opel Vectra маркалы автомобиль бұзылып, орталарында жанжал шыққан. 

ОҚО ІІД мәліметінше, 25 жастағы жүргізуші ашуланып, қыздың ішіне және кеудесіне төрт мәрте бұрауыш тығып алған. Кейін денесін жасырғысы келген. Сарыағаш ауданына қарай юағыт алған көлік жүргізушісі жол бойындағы дүкендердің бірінен скотч сатып алып, қыздың мойнын орап, аяқ-қолын байлаған. Кейін студенттің денесін Сарыағаш ауданындағы Бағыс ауылының маңында көміп кеткен.


© Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети