Қазақ-қытай шекарасында планшеттер контрабандасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақ-қытай шекарасында планшеттер контрабандасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қорғас" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 33 дана "АОSON" планшеті мен оларға арналған 45 дана тысқапты қорапқа салып аспан асты еліне қарай жасырын өткізуге әрекеттенген 18 жастағы жерлесімізді ұстады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Осы дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық шекарашылар Қытайға 80 дана GPS-навигаторды заңсыз алып өтпек болған азаматты ұстаған болатын. "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 7 қорапқа салынған, жалпы саны 80 дана болатын "Тракинг - Пивайс" аталатын GPS-навигаторларын жасырын әкетіп бара жатқан Қазақстанның 39 жастағы азаматын ұстады. Ал оған дейін, Алматы әуежайында 45 дана iPhone 6 телефоны бар Қырғызстан азаматының ұсталғаны хабарланған еді. Ол смартфондарды Шаржы - Алматы әуе рейсімен Қазақстан аумағына заңсыз алып кірмек болған. Бұл дерек бойынша Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағымен ("Экономикалық контрабанда") қылмыстық іс қозғады.