18 жыл бойы іздеуде жүрген: Таразда шетелдік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 жыл бойы іздеуде жүрген: Таразда шетелдік ұсталды Фото: polisia.kz

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

"Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети