06 мамыр 2021 10:01

19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 3 мамырда шамамен сағат 21.00-де 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Жәбірленушінің анасы ұлы қара түсті "Мерседес-180" автокөлігімен үйден шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған.  

Бұл дерек бойынша, жедел қызмет өкілдерінің жеке құрамы жасақталып, жоғалған автокөлік іздеу жұмыстары кезінде Щучинскідегі жергілікті үйлердің бірінен табылған.  

Реклама
Реклама

Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бурабай ауданының полиция бөлімі облыстық Полиция департаментімен бірлесіп 20 және 22 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар жасаған ісін мойындап, қылмыс қай жерде болғанын және марқұмның денесін қайда жасырғандарын айтты.  

Марқұм бос уақытында такси қызметінде жұмыс істеген, күдіктілер жүргізушіні "Индрайвер" қосымшасы арқылы шақырған.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram