06 мамыр 2021 08:44

Ақмола облысында екі мас жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Ақмола облысында екі мас жігіт 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кетті. Күдіктілер жақын маңнан көлік ұрламақ болып такси жалдаған. Жүргізуші мас жолаушыларды тапсырыс берген жерлеріне апарудан бас тартқан, - деп хабарлайды 716.kz.


Ақмола облысында екі мас жігіт 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кетті. Күдіктілер жақын маңнан көлік ұрламақ болып такси жалдаған. Жүргізуші мас жолаушыларды тапсырыс берген жерлеріне апарудан бас тартқан, - деп хабарлайды 716.kz.

Сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан.  

Артынша полицейлер екі ер адамды - Щучинскінің 22 жастағы тұрғыны мен Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғынын ұстады.   

Алдын ала болжам бойынша, 4 мамырға қараған түні екі ер адам Қатаркөлден Щучинскіге көлік ұрлауға шыққан. Олар бұл үшін inDriver сервисі арқылы такси шақырған.   

Жүргізуші екі жолаушы да мас екенін байқап, оларды тапсырыс берген жеріне жеткізуден бас тартқан. Осылайша жүргізуші мен жолаушылар сөзге келіспей қалған: ер адамның бірі жүргізушіні қылғындырып, екіншісі оны әйнек бөтелкемен басынан ұра бастаған. Бөтелке сынып кеткеннен кейін, ер адам жүргізушінің мойнын тіліп тастаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети