29 мамыр 2020 15:26

191 миллион еуро жымқырды деген қазақстандық Испанияда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Испанияның ұлттық полициясы ірі сомада алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған қазақстандықты Барселонада ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Испанияның ұлттық полициясы ірі сомада алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған қазақстандықты Барселонада ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2014-2018 жылдар аралығында ер адам қылмыстық топтың мүшесі болған. Ол ойын бизнесімен айналысатын екі компания құрған. Бұл туралы Испанияның ұлттық полициясы хабарлады.

Осы фирмалар арқылы жалпы құны 191 миллион еуро ұрланды. Бұл ақша несие, салық төлеуден жалтару және басқа да заңсыз операциялар жүргізу есебінен алынған.

Қазақстанда оған ақша жымқырғаны, салықтық қылмыстар және қылмыстық топқа мүше болды деген айып тағылды.

Енді оны экстрадициялау туралы шешімді Испания ұлттық соты қабылдауы тиіс.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети