27 сәуір 2023 10:03

2 миллиард теңге жымқыру: Талдықорған білім бөлімінің тағы бір қызметкері қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Жетісу облысының білім беру жүйесінде ірі жымқыру туралы істе жаңа мән-жай анықталды. Жетісу облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Ол Білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар саналады және соттың санкциясымен қамауда ұсталған", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети