Абылай Ғабжалилов есімді қазақстандық кәсіпкерге екі миллиард теңге көлеміндегі салықты төлеуден жалтарды деген айып тағылып, оған ТМД елдері арасында халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері айтты.
Абылай Ғабжалилов есімді қазақстандық кәсіпкерге екі миллиард теңге көлеміндегі салықты төлеуден жалтарды деген айып тағылып, оған ТМД елдері арасында халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері айтты.
Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс бюджет пайдасына төленбеген салық деректері бойынша тергеліп жатыр. Ережебұзушылықтар 2011-2012 жылдар аралығында болғаны анықталды. Ведомствоның мәліметінше, тергеу жұмыстары 2015 жылы басталған. "Кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігі ("Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару")" және 218-баптың 3-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Яғни, ол ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкерге ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іске басқа да адамдардың қатысы бар", - деді Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері.
Сонымен қатар, олар соттың Абылай Ғабжалиловке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алғанын хабарлады. "Қазіргі уақытта оны Интерпол арқылы халықаралық іздеуге салу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Ол 2016 жылдың 28 қыркүйегінде іздеуге салынған болатын", - деді ведомстводағылар.
Осыған байланысты ведомсвто өкілдері бағыттама таратты.
Алматыдағы Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері 1978 жылғы Ғабжалилов Абылай Хайроллаұлын іздестіріп жатыр. Ұлты - қазақ, жоғары білімі бар. Белгілері: бойы - 175 сантиметр, орта денелі, көзі қара, қасы қалың, шашы қысқа. Ерекше белгілері жоқ.
Іздеуге салынған кәсіпкер жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына мекен-жайға хабарласуыңызды сұраймыз: Қазақстан, Алматы қаласы, 050000, Абылай хан көшесі 93/95, Алматы қалалық Мемлекеттік кіріс департаменті, нөмірлері: 8 (727) 279-29-56 (кезекші бөлім), 8 (747) 111-93-77.