10 маусым 2021 | 10:16

20 жалған фирмамен шот-фактураларды жазып берумен айналысқан қылмыстық топ әшкере болды

Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды. Олар Қазақстанға 500 миллион теңге залал келтірген. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды. Олар Қазақстанға 500 миллион теңге залал келтірген. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазып берумен айналықан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

"11 қатысушыдан тұратын ҰҚТ Павлодар қаласының аумағында 4 жыл бойы жосықсыз салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесу мақсатында әрекет еткен. Топ мүшелері бақылауындағы 20 жалған фирма арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан", - деді қаржы мониторингі агенттігі өкілдері.

Реклама
Реклама

Кінәлілер 1,5 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге сотталғаны хабарланды. Мемлекет кірісіне 4 пәтер және 3 автокөлік тәркіленді. Олар мемлекетке 500 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная