20 миллион теңге пара. Астана бойынша МКД басшысының ісі сотқа берілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 миллион теңге пара. Астана бойынша МКД басшысының ісі сотқа берілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша МКД бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша МКД бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды.

"Ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясы бойынша күдікті қамауда. Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети