2015 жылы жезөкшелерді жарнамалаған 55 сайт анықталды - Алматы полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылы жезөкшелерді жарнамалаған 55 сайт анықталды - Алматы полициясы © Delfi.ee

Алматы полициясы 2015 жылы интим сипатындағы жарнама жарияланған 55 сайтты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы 2015 жылы интим сипатындағы жарнама жарияланған 55 сайтты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызметкерлері осындай интернет-порталдардың тізімін жасап, сайттарды құлыптау мақсатында тізімді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментіне жолдады. Бапасөз қызметінің мәліметінше, Алматы ІІД ҰҚКБ қызметкерлері басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және арнайы органдармен бірге адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

"ІІД ҰҚКБ қызметкерлері Қазақстан территориясында заңсыз жүрген шетелдіктерді және интим қызметін көрсететіндерді анықтау мақсатында ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған жарнамаларға үнемі бақылау жүргізіп отырады", - делінген ІІД хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстанда 1000-нан аса сайт жабылған болатын. Олардың көбі порнографияға қатысы болғаны үшін құлыпталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети