"21 мың теңге әлеуметтік көмек": тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"21 мың теңге әлеуметтік көмек": тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Түркістандық алаяқ "21 мың теңге әлеуметтік көмек алып беремін" деп 10-ға жуық тұрғынды алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандық алаяқ "21 мың теңге әлеуметтік көмек алып беремін" деп 10-ға жуық тұрғынды алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс жігіт "мемлекет тарапынан беріліп жатқан 21 мың теңге арнаулы әлеуметтік көмекті алып беремін"деп 50 мың теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ хабарсыз кеткен. 

"Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қалалық Полиция басқармасына тіркеліп, күдікті іздестірілді. Қалалық полицейлер екі күн ішінде жиналған ақпарат көздері арқылы алаяқты ұстады. Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай сегіз жайтқа қатысы бары анықталды", - деді полицейлер.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі - 400 мың теңге. Күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети