22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға депортацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға депортацияланды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Күдікті 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, 27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлдан Алматыға депортацияланды.

"Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.

"Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети