22 жастағы алматылық қыз зорлады деп жалған арыз бергені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 жастағы алматылық қыз зорлады деп жалған арыз бергені үшін сотталды © enigma-project.ru

22 жастағы алматылық қызды өтірік жала жапқаны үшін соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 жастағы алматылық қызды өтірік жала жапқаны үшін соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле аудандық соты Алматы қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Ол құрбысымен төбелескенін туыстарынан жасыру үшін, полицияға зорландым деп арыз жазған. 

"Сотта қыздың танысының туған күнін тойлап жүрген уақытта алкоголді ішімдікті ішкеннен кейін, сол кешке шақырылған тағы бір қызбен жанжалдасып, төбелес салдарынан жеңіл деңгейлі дене жарақаттарын алғаны анықталған. Үйіне қайтқан уақытта ол бұл істі жасыру үшін туыстарына, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне жалған мәлімет берген. Ол өзін үйге жеткізіп салған такси жүргізушісінің шабуыл жасап, зорлағанын айтқан", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер. 

Алдын ала тергеу шаралары барысында, куәгерлерді сұрастырғаннан соң және төбелесті көрген адамдардың мәліметінен кейін қыз өзінің жалған мәлімет бергенін мойындаған. Сот үкімі бойынша, қыз "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бабы бойынша айыпты деп танылып, оған бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети