23 жастағы павлодарлық 81 жастағы әжейді зорлады деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 жастағы павлодарлық 81 жастағы әжейді зорлады деп айыпталды

Павлодар облысында 23 жастағы жігіт 81 жастағы әжейді зорлады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 23 жастағы жігіт 81 жастағы әжейді зорлады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 23 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс Успен аудандық сотында қаралып жатыр. Сот отырысы бастапқыда 15 қарашада белгіленген екен, алайда сот процесі кейінірек 28 қарашаға ауыстырылған.

"1994 жылғы жігіт зорлау бабы бойынша айыпталып отыр. Зардап шеккен әйел - 1936 жылғы", - деді Павлодар облыстық прокуратурасының өкілдері.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінще, күдікті қазіргі уақытта қаладан шықпау туралы қолхатқа қол қойды. Сот отырысы жабық түрде өтеді. Күдікті 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өз кезегінде 81 жастағы әжейдің таныстары мен туыстары зардап шеккен әйелде күдіктінің кінәсін дәлелдейтін қажетті анықтамалардың бар екенін айтты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети