25 жылға сотталған қазақстандық түрмеден қоңырау шалып, тағы қылмыс жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 жылға сотталған қазақстандық түрмеден қоңырау шалып, тағы қылмыс жасаған Фото:depositphotos.com

Жетісу облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысы Талдықорған қалалық соты №71 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған "Ж"-ға қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін үкім шығарды.

"Бұған дейін аса ауыр қылмысы үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған "Ж" 2024 жылдың қараша айында түзеу мекемесінде бола отырып, жаңа қылмыс жасаған.

Ол, 112, 103 және 102 шұғыл қызметтеріне қоңырау шалып, №25 орта мектепте және автовокзалда жарылғыш заттардың қойылғаны туралы хабарлама жасап, автовокзалға жедел жәрдем бригадаларын жіберуді талап еткен", - делінген хабарламада.

Объектілерді эвакуациялау және тексеру барысында жарылғыш заттар табылмаған.

"Сот оны ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп танып және 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алдыңғы үкім бойынша өтелмеген жазаның ішінара қосылуын ескере отырып, соңғы жаза 25 жылға бас бостандығынан айыру болып белгіленді".

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети