27 ақбөкен мен қару: Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 ақбөкен мен қару: Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды Фото:polisia.kz

Ақтөбе облысында браконьерлер УҰИ-ға қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында браконьерлер УҰИ-ға қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда Қобда және Байғанин аудандарының аумағында облыс полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Тексеру кезінде Ваз-21140, УАЗ және Toyota Camry автокөліктерінің салонынан 27 өлі ақбөкен табылды. Сонымен қатар, Toyota Land Cruiser автокөлігін тексеру кезінде полицейлер 12 калибрлі Вурсан мылтығын, 12 калибрлі ИЖ-27Е мылтығын және пышақтарды тауып тәркіледі.

"Барлық алынған заттай дәлелдемелер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық факт бойынша ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі және 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жиналған дәлелдемелер жиынтығымен ұсталған бес адам ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

polisia.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети