08 қыркүйек 2017 | 19:08

28 жастағы қызылордалық келіншек әшекей-бұйым ұрлаймын деп видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлаған 28 жастағы азаматша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлаған 28 жастағы азаматша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылғы 04 тамызда 17.30 шамасында ішкі істер органдарына қала орталығындағы сауда үйлердің бірінде гауһар, алтын бұйымдары қолды болғандығы жөнінде шағым келіп түседі. Хабарлама негізінде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен 1989 жылы туылған қала тұрғыны анықталып, ұсталған. Ұсталған азаматшаның сауда дүңгіршегі (бутик) егесіне келтірген шығын мөлшері 700 000 теңге болған.

"Тергеу барысында аталған азаматшаның бұдан бөлек 5 ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды. Қылмыстың барлығы сауда орындарында және мекемелердің ішінде жасалған. Күдікті ұялы телефонның немесе ақша салынған әмияндардың егесіз, қараусыз жатқанына толық көз жеткізгеннен кейін білдіртпей ұрлап кетіп отырған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 900 000 теңгеге жуық шығын келтірген", - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (Ұрлық) тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети