20 қараша 2021 12:42

"30-дан 250 мыңға дейін". Антикор жүргізуші куәлігі үшін пара алу деректері туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Жүргізуші куәліктерін алуда заңсыз көмек көрсету қанша тұрады және сыбайлас жемқорлық деректеріне байланысты жүргізуші куәлігін беру рәсімінде не өзгереді? Бұл сұрақтарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жүргізуші куәліктерін алуда заңсыз көмек көрсету қанша тұрады және сыбайлас жемқорлық деректеріне байланысты жүргізуші куәлігін беру рәсімінде не өзгереді? Бұл сұрақтарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың 10 айында жүргізуші куәлігін заңсыз алу дерегі бойынша 14 соталды тергеу тіркелген.

"Бұл қылмыстар Қостанай облысында - 11 дерек және Ақмола облысында 3 дерек тіркелді. Теориялық және практикалық емтихандарды заңсыз өтуге көмектескені үшін 5 адам, оның ішінде 3 басшы және 2 жеке тұлға қылмыстық жауапқа тартылды", - деді Антикор өкілдері.

Жүргізуші куәліктерін алуға көмектескені үшін берілетін заңсыз сыйақы мөлшеріне келетін болсақ, агенттік өкілдері тіркелген деректер бойынша, 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін екенін атап өтті.  

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жүргізуші куәлігін сату және оларды алуға заңсыз көмектесу деректерінің себептері не екенін айтты.

"Сыбайлас жемқорлық емтихандағы тест сұрақтарының күрделігіне, оны өту кезінде бюрократиялық рәсімдердің болуына, емтихан алушы мен тестілеудің ақпараттық жүйесі әкімшілерінің дискрециялық өкілеттіктеріне байланысты болады", - деді ведомстводағылар.

Антикор өкілдері қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыратын адамдарды сәйкестендіру, сондай-ақ үш адамның тест сұрақтарына қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау бойынша практикалық шешімдер әзірленіп, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттарды беру процестерін цифрландыру мәселелері пысықталып жатқанын хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети