35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы қылмыстар үшін жауапқа тартылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы қылмыстар үшін жауапқа тартылды Видеодан алынған кадр

35 медицина қызметкері "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі айналымы саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

35 медицина қызметкері "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі айналымы саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шара барысында 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілген. Алты күн ішінде елімізде ҚК-нің 303-бабы (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша 12 қылмыс анықталған.

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында құрамында есірткі құралдары бар препараттар айналымы ережелерін бұзуға жол берген үш медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Соның ішінде 129 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді:

  • 5 заңсыз фармацевтикалық қызметі үшін (ҚР ӘҚБтК 424-б.);
  • 95 фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 426-б. 1-б.);
  • 24 объектінің техникалық нығайту талаптарын бұзғаны үшін;
  • 5 лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 464-б.).

129 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 32 медицина қызметкері бар. Барлық материал Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілген.

Айналымнан 356 есірткі ампуласы, 5 258 таблетка, 173 психотроптық заттар ампуласы, 258 прекурсорлар ампуласы алынды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті құрамында есірткі бар медициналық препараттарды "қара нарықта" сату деректері анықталып жатқанын атап өтті. Алматы облысының тұрғыны синтетикалық апиындарға жататын 20 таблеткамен ұсталды. Атырау облысында осындай екі дерек анықталды. Барлығы 3 870 таблетка және атропин сериясының 70 құты тамшысы тәркіленді. Осыған ұқсас дерек Теміртау қаласында анықталды, онда дүкенде дәріханалық препараттың 10 таблеткасын сатқан жергілікті тұрғын ұсталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети