02 шілде 2018 | 09:14

39 миллион теңге жымқырған қазақстандық 11 жылдан кейін Чехиядан ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestikavkaza.ru © vestikavkaza.ru

39 миллион теңге жымқырған қазақстандық 11 жыл өткеннен кейін Чехиядан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

39 миллион теңге жымқырған қазақстандық 11 жыл өткеннен кейін Чехиядан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Владимир Чаплинскийді экстрадициялады. Анықталған тұлғаны беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының тиісті сұрауын Чехияның Әділет министрлігі қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Чаплинский 2007 жылы "Агат-7" ЖШС-нің директоры лауазымында болған кезінде, мемлекеттік мекемемен Балқаш қаласында мектеп салуға шарт жасасқан. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді енгізіп отырған. Оған 39 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік түскен.

Чаплинский қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен халықаралық іздеуде болған. Бас прокуратура оның елге берілу жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келді. Қазіргі уақытта Чаплинский Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети