09 желтоқсан 2021 | 14:38

40 миллиард теңге желге ұшты - Антикор ауыл шаруашылығы саласындағы қылмыстар туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық схемалары мен субсидияларды жымқыру деректері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық схемалары мен субсидияларды жымқыру деректері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелгенін, оның жартысынан астамы субсидияларды жымқыруға байланысты екенін айтты. Антикор басшысының айтуынша, талдау бюджет қаражатын бақылаусыз пайдаланудың өрескел деректерін, сыбайлас жемқорлық схемалары мен субсидияларды ұрлау әдістерін анықтады.

"№4 "жайылымдарды суландыруды субсидиялау" паспорты атты бағдарлама бар. Оған 5 жыл ішінде 80 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл инвестициялық субсидиялар, онда бұрғылау, су сорғылары мен дизель генераторлары үшін күн панельдерін орнатуға жұмсалатын шығындар 80 пайызға дейін өтеледі. Ұрлық әрекеттері: техниканы жалған жеткізу, критерийлерге сәйкес келмейтін шаруаларды субсидиялау, техниканың құнын 2-3 есеге асыра көрсету", - деді Ахметжанов ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ұлттық аграрлық ғылыми орталық қызметкерлері арасындағы қылмыстарды мәлім етті. Орталық ауылшаруашылық деректер базасын басқарады, ол мал басының есебін жүргізуге арналған және оның деректері субсидиялар алу кезінде пайдаланылады.

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері жүйелі негізде заңсыз сыйақы алу мәліметін бұрмалаған, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық схемаларын өздері жасаған.

Ақтөбе облысында осы орталықтың қызметкері басқаратын қылмыстық топ анықталды, ол жеке кәсіпкерлер арқылы туыстарына рәсімделіп, күн панельдерін жеткізу кезінде ақша жымқыру әрекетін ұйымдастырды. Сонымен қатар, жабдықтың бағасы екі-үш есе өсті, ал айырмашылық олардың қалтасына түсті. Тінту кезінде шаруалардың ЭЦҚ-сы бар 400-ден аса флешка мен 300 миллион теңгеден аса кіріс алғанын көрсететін бухгалтерия қағаздары табылды", - деп толықтырды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Жағдайды талдау бұл бағдарлама бойынша субсидиялардың жартысына жуығы, яғни 40 миллиарды желге ұшқанын көрсетеді, деді Антикор басшысы. Біз күн батареяларының қаптамада жатқан және мүлде басқа тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылған деректерін тіркедік. Жалпы, мұндай факт бірқатар облыста – Түркістан, Атырау, Жамбыл және т.б. анықталды. Бұл ретте әкімдердің мүлде немқұрайдылығы мен бақылаусыздығы таңғалдырады. Мұны әкімдік қызметкерлері жасамағандықтан, оларға қатысы жоқ сияқты. Сондақтан бұл облыстың бюджеті болғанымен, өз аймақтарының экономикасы мен халқы зардап шегеді.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын сыбайлас жемқорлық схемаларын жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети